Нұрболхан Шарап Қонаевтағы Қапшағай су қоймасында демалғаны үшін 300 мың теңге кеткеніне шағымданды.
Әзілкеш бұл ақшаға Түркияға, Египетке барып демалуға болтаныны айтып, жұрттың шетелге «қашатыны» осыдан болуы мүмкін екенін жазды.
Қонаев қаласындағы бiр күндiк демалыс 300 мың теңгеге шықты. Марина Клаб демалыс орталығы. Әр қадамың ақша.Тамақтарының бағасы удай. Люкс номерiнiң бағасы — 80 мың теңге. İшiн көрсеңiздер, қаладағы 15 мың теңгелiк қонақүйдің iшi сияқты,
деп жазды ол Instagram-парақшасына.
Оған қоса, әзілкеш нөмірдегі халат пен орамалды бассейнге апаруға болмайтынын, онда бұл заттарды жалға алу керек екенін де айтты.
Сырттан тамақ кiргiзбейдi. Жағалау жағында жататын орын алсаң, жалға 5-7 мың теңгеге аласың. Сұмдық па?
деп жазды Нұрболхан Шарап.
Әзілкеш ішкі туризмді дамытайық деп жатқанымен, туристердің келмейтініндей бар екенін де айтты.
Көпшілік Нұрболған Шараппен келісіп, комментарий жазды:
- «Иә, сұмдық, мұндай бағалармен ішкі туризм дамымайды. Түркия қолжетімді болған соң сол жаққа барады, өкінішті»
- «Иә, мен де Түркияға барамын деп отырмын! Бізде ешқашан қанағат болмайды, сонын кесірнен осындай баға шығады!!!»
- «Өте дұрыс айттыңыз, шынымен солай бағалары. Сұмдық енді, тамақтары соған лайық болса жарайды ғой, лайық емес қой. Өте қымбат»
- «Сондықтан оларға бойкот жариялап бармау керек. Сонда кішкене болса да ойланар ма екен? 300 мыңға менің қызым Стамбулға 7 күнге барып, аралап келді ғой».