Categories: Оқиға

Өзіне қол салған мұғалімнің туыстары мектеп басшылығын кінәлады

17 қаңтар күні Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Сайқұдық ауылында бастауыш сынып мұғалімі өзіне қол салған. Жақындарының айтуынша оны мұндай қадамға әріптестері итермелеген болуы мүмкін, деп хабарлайды «Мой город» порталы.

Назым Өмірзақова педагогикалық колледжді бітіріп, бірден ауыл мектебіне бастауыш сынып мұғалімі болып жұмысқа орналасқан. Алайда келген күннен бастап басшылықпен қарым-қатынасы жақсы болмапты.

Директордың орынбасары оған ескертулер жасап жүрді, кейде тіпті басқа мұғалімдердің көзінше дөрекілік танытқан кездері болды. Ол «жалақыны қысқартамын, бұйрық шығарамын, жұмысқа орналаса алмайтындай боласың» деп қорқытты. 2022 жылдың желтоқсан айының ортасында олар декреттік демалыста болған мұғалімді жұмысқа шығарып (Назым оның орнына жұмыс істеп жүрген) және Назымды алты сағаттық оқу жүктемесімен қалдырды. Ол соған да қуанды,

деді қаза тапқан мұғалімнің туысы Бекбол Мырзабаев.

Облыстық білім басқармасы да пікір білдірді.

Әріптесіміздің отбасы мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз. Отбасына барлық қажетті көмек көрсетілетін болады. Қазіргі таңда арнайы комиссия құрылып, оның құрамына білім басқармасының, білім беру сапасын қамтамасыз ету департаментінің және құқық қорғау органдарының өкілдері енгізілген,

делінген хабарламада.

Мектеп директорының берген мәліметі бойынша, қайғылы оқиға болар алдында бірнеше күн бұрын мұғалім науқастанып аудандық ауруханаға түскен.

16 қаңтарда денсаулығына байланысты мұғалім жұмысқа келмеді. Келесі күні таңертең мектеп директорына қайғылы оқиға туралы хабар түскен. Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары жедел тексеріс шараларын жүргізуде. Мектеп жұмысы, ұжымдағы ахуал тексерілетін болады. Осы уақытқа дейін ұстаздар атынан шағым түскен жоқ,

делінген облыстық білім басқармасының хабарламасында.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

1 минута ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

15 минут ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

48 минут ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

2 дня ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

3 дня ago

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

6 дней ago