Categories: Оқиға

Дәрігерлер ине жұтып қойған үш жасар баланы аман алып қалды

Бала төрт ине мен жүгірткі (бегунок) жұтып қойған.

Бүлдіршіннің анасы ұлының ине жұтып қойғанын айтып балалар ауруханасының қабылдау бөліміне келген.  Кейін дәрігерлер іш қуысын шолу рентгенограммасы арқылы тексеріс жүргізген. Онда асқазанның проекциясынан болжаммен жүгірткі мен екі тігін инесі табылған.

ЭФГДС процедурасы кезінде асқазаннан бір ине алынды. Бірақ жүгірткі қалды. Бала Жамбыл облыстық көпсалалы балалар ауруханасының хирургия бөлімінде мамандардың бақылауында қалды,

деді балалар ауруханасының дәрігерлері.

Кейін жүгірткі табиғи жолмен шыққан. Алайда ол кезде баланың ішінде тағы бір ине қалған болатын. 

Кейінірек құрсақ қуысының бақылау R-граммасында құрсақ қуысының жоғарғы сатысынан тағы екі ине және жамбас проекциясынан бір ине табылды. Қайта ЭФГДС жасалып, ине асқазаннан алынды. Кейін колоноскопия арқылы сигма тәрізді ішекке бекітілген тағы бір ине алынды,

дейді жоғары санатты хирург Сейдахмет Чинибеков.

Алайда бұдан кейін баланы бақылау кезінде құрсақ қуысының R-граммасында жамбас проекциясынан төртінші ине де табылған. Кері колоноскопия жасалып, соңғы ине сигма тәрізді ішектен ішектің шырышты қабығы тұсынан алнды. Қазіргі уақытта бала қанағаттанарлық жағдайда үйге шығарылған.

Дәрігерлердің сөзінше, тыныс алу жүйесі мен асқазан-ішек жолдарына бөгде заттардың түсуі балалар мен ересектер арасында жиі кездеседі. Сондықтан көбіне мұндай жағдайда білікті медициналық көмекті қажет.

Дәрігерлер баланың асқазан-ішек жолында төрт иненің жылжуы 8 күн ішінде болғанын айтады. Олар денедегі қауіпті заттарды хирургиялық емдеуге жүгінбестен заманауи эндоскопиялық қондырғылар арқылы алып тастады.

Кез келген аурудың ең жақсы емі оның алдын алу болып табылады. Ата-аналар баланың бөтен затты жұтып қоймауын қадағалауы керек

деді педиатр Мәулім Кенжалы.
Наргиза Аршидин

Recent Posts

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

12 минут ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

21 час ago

Шымкентте мектеп директоры 48 млн теңге жымқырды

Шымкентте 48 млн теңге жымқырды деген айып тағылған №44 орта мектеп директоры және оның орынбасары,…

22 часа ago

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Алматының студент жастарының салауатты өмір салтына…

2 дня ago

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

2 дня ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

2 дня ago