Спортшы 55 келі салмақ дәрежесінде алтын медальға қол жеткізді.
Қазақстандық Зульфия Чиншанло Бахрейнде өткен ауыр атлетикадан Азия чемпионатында жеңіске жетті, деп хабарлайды Olympic.kz.
Ол 55 кг-ға дейінгі салмақта алтын медальды жеңіп алды. Қоссайыс нәтижесі бойынша ол 220 кг нәтиже көрсетті. Яғни, жұлқа көтеруде 95 килоны еңсеріп күміс жүлде, ал серпе көтеруде 125 келімен алтын алды.
Екінші орында қытайлық спортшы Линглу Лю – 210 келі. Үшінші орынға 193 кг-ға дейінгі салмақта өзбекстандық Нигора Абдуллаева жайғасты.
Ауыр атлетикадан 2022 жылғы Азия чемпионаты 8-16 қазан аралығында Манамада өтеді. Құрлықтық турнирге 29 елден 186 спортшы қатысып жатыр. Қазақстан атынан 18 спортшы қатысады.