1-класс оқушылары бір сабақты 35 минут оқиды. Бұл туралы Оқу-ағарту минитсрлігі баспасөз қызметі хабарлады.
Қыркүйекте күнделікті үш сабақ 35 минуттан, қазаннан бастап 45 минуттан болады. Бұл кезде бір минут дене жаттығуы және көзге арналған гимнастика жасалады,
делінген хабарламада.
Бұрын 1-класс оқушылары 40 минуттан оқитын еді.
Оған қоса, бұл кластарда көркем шығарма екі пәнге бөлінді: «Еңбекке баулу» және «Бейнелеу өнері».
1-класс оқушыларының оқу жылы ұзақтығы — 35 апта.
Қазақша оқытатын мектептерде «Әліппе» және «Ана тілі» пәндері жүреді, ал қазақша оқытпайтын мектептерде «Букварь», «Обучение грамоте» және «Қазақ тілі» пәні үйретіледі,
делінген хабарламада.
1-класс оқушыларына баға қойылмайды.