1 тамызда ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 1 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Нұр-Сұлтан мен бірқатар облыста найзағай ойнайтыны болжанды.

Нұр-Сұлтанда таңертең және күндіз найзағай ойнайды.

Павлодар облысының шығысына қатты жаңбыр жауады. Түнде облыстың оңтүстігінде найзағай ойнап, күндіз облыстың басым бөлігінде бұршақ жауады, шығысында дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін. Түнде облыс орталығына тұман түседі. Солтүстіктен жел соғады. Найзағай түссе, желдің екпіні 18 м/с болады. Күндіз де найзағай ойнап, бұршақ жауып, дауыл тұруы мүмкін.

Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында таңертең және күндіз найзағай ойнауы мүмкін. Облыстың солтүстігіне түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз облыстың солтүстік-шығысынан екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады. Қостанайда таңертең және күндіз найзағай ойнауы мүмкін.

Абай облысының батысы мен оңтүстігінде найзағай ойнауы мүмкін. Облыстың оңтүстігінде, батысында оңтүстік-батыстан, батыстан секундына 15-20 метр екпінмен жел соғады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі әлі де бар.

Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнауы мүмкін. Облыстың оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан соғып батысқа ауысатын секундына 15-20 метр екпінмен жел соғады.

Ақмола облысының солтүстік-батысында күндіз қатты жаңбыр жаууы мүмкін. Облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстік, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қарағанды облысының солтүсітігінде, батысында найзағай ойнауы мүмкін. Түнде облыстың шығысы мен орталығына тұман түседі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, оңтүстік-батысында, шығысында найзағай ойнауы мүмкін.

Түркістан облысының солтүстігінде және таулы аймақтарында найзағай ойнап, дауыл тұрады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні — секундына 15-20 метр. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі әлі де бар.

Күндіз Ақтөбе облысының батысында және шығысында найзағай ойнауы мүмкін. Жел солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, екпіні — секундына 15 метр.

Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі әлі де бар. Қызылордада төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр жаууы мүмкін. Облыстың оңтүстігі мен шығысында найзағай ойнап, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.Түнде облыстың батысына тұман түседі.

Петропавлда күндіз найзағай ойнауы мүмкін.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago