«Қазгидромет» алдағы күндері ауа райы қалай өзгеретінін хабарлады. Елдің көп бөлігінде күн жылы болады.
Алдағы күндері республиканың солтүстік жартысына солтүстік-батыс циклонның жырасы әсер етеді.
Жаңбыр жауып, найзағай ойнап, желдің күшеюі мүмкін. Ал елдің оңтүстік жартысында жауын-шашынсыз ауа райы жалғасады,
делінген хабарламада.
Ауа температурасы республиканың қиыр батысында күндіз +33, +38°С-тан +23, +31°С-қа дейін, республиканың солтүстік-батысында +31, +38°С-тан +25, +35°С-қа дейін төмендеуі мүмкін.
Елдің солтүстігінде термометрлер +30, +35°с белгісіне жетеді. Республиканың орталығы мен оңтүстік-шығысында ауа температурасы +30, +38°С-қа дейін, шығыста +27, +38°С-қа дейін, оңтүстікте +35, +40°С-қа дейін жоғарылайды деп болжанады.