1 желтоқсаннан бастап заң бойынша жазғы дөңгелектермен жүруге тыйым салынады. Ережені бұзған адамға 5 АЕК (15 315 теңге) айыппұл салынады.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қыстың басталуы мен суық ауа райына байланысты жолдардағы көлік қозғалысы ерекше назар аударуды қажет ететінін атап өтті.
Жеңіл көліктер мен аз тонналы жүк көліктерінің желтоқсан, қаңтар, ақпан айларында тек қысқы не барлық маусымға арналған дөңгелектердің кейбірімен ғана жолға шығуына рұқсат беретін талап Кеден одағының «Дөңгелекті көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» техникалық регламентінде жазылған, —
делінген ІІМ хабарламасында.
Министрлік мәлімдеуінше, бір жыл ішінде ережені қайта-қайта бұзған адамның айыппұл көлемі артады.