100 млн теңгенің алтыны жасырылған орын табылды

Қаскөй ұрлаған алтындарын қала шетіндегі шөл далаға тыққан.

Жетісу аудандық Полиция басқармасының мәліметінше, 12 тамызға қараған түні қаладағы базарлардың бірінде алтын-күміс әшекей бұйымдарының ірі ұрлығы жасалған, деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР ҚК-нің 188-бабы 4-бөлігі (Ұрлық) бойынша тергеліп жатқан қылмыстық іс материалдарына сәйкес, қаскөй базардың алтын сататын қатарына түнде кіріп кеткен. Ол сегіз сауда орнының сөрелерін сындырып, өзімен бірге 100 млн теңгенің әшекей бұйымдарын алып кеткен. Бұл қылмысты ашу мақсатында тергеу-жедел тобы құрылды. Базардағы бейнебақылау жүйелеріне талдау жасалды. Күдіктінің жеке басы бірден анықталды. Бұл – 35 жастағы А. есімді азамат. Ол Қонаев қаласындағы қонақүйлердің бірінде ұсталды. Күдікті сол жерде уақытты өткізуді жоспарлаған көрінеді,

деді Жетісу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дархан Мұсанов.

Ұрланған мүліктің жасырылған жері анықталды. Ол алтындарды қала шетіндегі шөл далаға жасырған. Заттай айғақтар тәркіленді. А. есімді азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұлтартпау шарасы ретінде сот қамауға алуды санкциялады.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago