«Қазгидромет» мамандары 11-12 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Синоптиктердің мәліметінше, елдің батысында, солтүстігінде және шығысында қар, ал оңтүстік аймақтарда жауын-шашын жаууы күтіледі, оңтүстік, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман және көктайғақ болады.
Жел күшейіп, жауын-шашын болады. Елдің батысында түнде ауа температурасы 7-18, күндіз 3-8 аязға дейін аздап төмендеуі мүмкін. Елдің солтүстік жартысында, орталығында және шығысында температура фоны өзгеріссіз қалады: түнде 15-26, күндіз 5-13 аяз болады. Оңтүстік аймақтарда түнгі уақытта ауа температурасы аз оң мәндерге жетеді, күндіз 2-10 градус жылы болады,
делінген хабарламада.