131 млн доллар: Гүлнар Кәрімованың қылмыстық активтері Өзбекстанға қайтарылады

Швейцарияның Берн қаласында Өзбекстанның бұрынғы президентінің қызы Гүлнар Кәрімованың активтерін қайтару туралы келісімге қол қойылды.

Келіссөздер екі елдің құқық қорғау органдары арасында екі жыл бойы жүргізілген. Ол активтерді өтеудің принциптерін, механизмдерін және мақсаттарын қарастырады.

Қайтарылған қаражат Өзбекстандағы әлеуметтік саланы, атап айтқанда, білім беру мен денсаулық сақтау саласын дамытуға жұмсалатыны атап өтілді.

Ақша БҰҰ-ның сенім қорына түсіп, әлеуметтік жобаларға жұмсалады.

Еске салайық, Өзбекстанның бұрынғы марқұм Ислам Кәрімовтың үлкен қызы бірнеше рет сотталып, тергеу жұмыстары әкесінің көзі тірісінде басталған еді.

2015 жылы тамызда Кәрімоваға бопсалау және салық төлеуден жалтару деген айып тағылып, 5 жылға шартты түрде сотталған.

2017 жылы сот Кәрімованы салық төлеуден жалтарған, ақша жымқырған, бопсалаған және оффшорлық компанияның жазбаларын жойған деген күдікпен 10 жылға бас бостандығынан шектеді. Сот оған жазасын қызының үйінде өтеуге рұқсат берді.  Алайда 2019 жылы Кәрімова телефон мен интернетті пайдаланып, үйінен шыға бергені үшін колонияға жіберілді.

2012 жылы Швейцарияның Бас прокуратурасы Гүлнар Кәрімоваға қарсы қылмыстық іс жүргізу аясында 800 миллион швейцариялық франкқа жуық активтерді қатырып тастаған. Осы соманың шамамен 131 миллион доллары 2019 жылы тәркіленді.

Гүлнар Кәрімова 2019 жылдың көктемінен бастап жазасын Ташкент облысы, Зангиата ауданының № 21 жалпы режимдегі колониясында жазасын өтеп жатыр.

Наурызда Жоғарғы Сот оны 13 жыл 4 айға бас бостандығынан айырған. Мамыр айында Кәрімованың Франциядан Өзбекстанға 10 миллион долларлық активтері қайтарылды.

Кәрімованың отбасы барлық айыптарды жоққа шығарып, бұрынғы президенттің қызын босатуды талап етіп отыр.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago