Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеуді (ҰБТ) 154 мың қазақстандық тапсырды. Емтихан нәтижесі белгілі болды. Дегенмен Ұлттық тестілеу орталығы бейнежазбаларды тексеру әлі жалғасып жатқанын хабарлады.
Видеожазбаларды тексергеннен кейін 153 тест тапсырушының нәтижесі жойылған. Оның 137-сі білім грантының иегерлері екені белгілі болды.
Осыған орай бұзушылық фактілері бойынша қызметкерлерге тексерулер жүргізіліп жатыр.
Биыл 327 түлек тестілеу кезінде тыйым салынған заттарды әкелу әрекеті салдарынан ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ережені бұзғаны үшін 322 адам аудиториядан шығарылды,
деді Руслан Емелбаев.
2022 жылы түлектердің 33%-ы ҰБТ-ның шекті балына жете алмаған. Орташа нәтиже – 66 балл, ал ең жоғары – 139 балл болды.
Ең төмен нәтижені үш облыс көрсетті: Маңғыстау, Түркістан және Атырау облыстары.