Қазақстанда 5,6 млн адамның бір басында бір пәтерден тіркелген.
2021 жылдың аяғында 6,3 млн адамның меншігінде үй бар. 19 млн халықтың ішінде 6,3 млн деген жаман статистика емес. Егер 10 миллионға жуық экономикалық белсенді халық бар болса, 60 пайызының меншігінде үй бар деген сөз. Бұл тәуелсіздіктің 30 жылдығындағы жақсы көрсеткіш. Егер құрылымына зер салсақ, 5,6 млн адамның бір басында жалғыз баспана бар.
Бір басында екіден көп пәтер бар неше адам бар?
Қазақстанда ондай 717 мың адам бар. Бұларды орта санатқа еркін кіргізуге болады.
607 адамның басында 2 пәтер, 84 394 адамның атында 3 жылжымайтын мүлік тіркелген.
Бір басында 5 нысаны барлардың саны – 4823.
1935 адамда 6 пәтерден, 742 адамда 7 пәтерден бар.
Шамамен 147 адамның атына 20-дан астам баспана тіркелген.