Әйелдер мен қыздарға қатысты гендер зорлық-зомбылығы — әлемде ең көп тараған адам құқығының бұзылуы. Бұл туралы Біріккен Ұлттар Ұйымы мәлімдеді.
Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты тоқтатуға арналған 16 күндік науқан бастады. Науқан жыл сайын ұйымдастырылады. Биылғы ұран — «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты бірге тоқтатамыз!».
БҰҰ мәлімдемесіне сүйенсек, дүниежүзінде әрбір үшінші әйел гендер зорлық-зомбылықтан зардап шегеді. Бұл көрсеткіш кейінгі онжылдықта іс жүзінде өзгеріссіз қалып отыр. Сонымен бірге әр сағат сайын бес не одан көп әйел (қыз) өз отбасы мүшелері қолынан өледі. Сол себепті БҰҰ-ның бас хатшысы Антониу Гутерриш мемлекеттерді әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы тұруға, 2026 жылға қарай онымен кұресетін ұйымдарды қаржыландыруды 50%-ке арттыруға үндеді.
Патриархал нормалар мен еркектік құндылықтарды насихаттайтындарға қарсылық білдіретін қоғамдық науқандарды ынталандырған жөн. Нақты ұстанымымызды бекітіп, ашық түрде әйелдердің құқығын қорғайық! Феминист екенімізді мақтанышпен мәлімдейік! Әйелдер мен қыздарға деген зорлық-зомбылықты тарих кітаптарында ғана қалатындай жасайық,
деді БҰҰ-ның бас хатшысы.
Науқан 25 қарашадан 10 желтоқсанға дейін жалғасады.