Осы уақытта Қазақстанда 160 кенші қаза тапса да, Митталдың өз отандастарын жауапкершіліктен құтқарып отыруы өте сәтті болды.
Лакшми Митталдың Назарбаевқа жақындығы оған кезінде құқық қорғау органдарына өз жансызын енгізуге жол ашты. Соның арқасында Миттал Теміртауды басқарған үнді менеджерлерін дер кезінде Лондонға қашыруға мүмкіндік алды. Олар апат туралы хабар жетісімен, Қарағанды әуежайында дайын тұрған ұшаққа отырып ұшып кететін еді.
2006 жылы «АрселорМиттал Теміртауды» үнді менеджері Навал Чоудхари басқарып тұрғанда Ленин атындағы шахтада 41 кенші қаза табады. Чоудхари қашайын деп тұрғанда Миттал Қарағанды облысының әкімі Нұрлан Нығматулинмен телефонмен келісімге келіп, өзі ұшып келеді.
Артынан Чоудхариді Сатиш Тапария ауыстырады. Оның кезінде 2008 жылы Абай шахтасында 30 кенші өледі. Тапарияны қашады да, орнына неміс Паннир, артынан үнділер Махадеван, одан кейін Паранжит Калон келеді. Калон кезінде 10 шахтер қаза тауып, ол да қашады.
Сөйтіп 2020 жылы Теміртауға Биджу Наир бастық болып отырды. Оның кезінде Абай шахтасында 7 адам, Қазақстан кенішінде 5 адам қаза тапты. Былтыр Биджу Наир өзінің қылмыстық іс орбитасына тартылғанына қарамастан қашып кетеді. Биджу қашқаннан кейін, әрі Нығматулин пәрмені кеткендіктен отандық құқық қорғау органдары үнді менеджерлеріне деген риторикаларын қатаңдата бастайды.
Осыны ескеріп, және апаттар көбейіп жатқандықтан, Миттал 2023 жылдың басында Теміртауға басшы қылып жергілікті маман Владимир Яблонскийді қойған. Себебі, үнді менеджерлерін қорғап қалу енді қиын болар еді. Яблонскийдің кезінде Костенко шахтасында 46 кенші көз жұмады. Сонда ең ірі апат үнді басшысы емес, қазақстандық менеджер кезінде орын алған болып шыға келді. Яблонский 100 жыл түрмеде отырса да, Митталдың оған жаны ауырмайды. Себебі Яблонский үнді емес.
160 адам өлсе де, 28 жылда бір де бір үнді менеджері бір күн абақтыда отырмаған. Миттал өз жоспарын ойдағыдай орындап шықты.
Дереккөз: DALA INSIDE