Елде қос азаматтықпен жүрген итальялық әйел анықталды. Бұл туралы Қостанай полиция департаменті хабарлады.
2022 жылғы қазанда облыс орталығының аумағында көші-қон қызметінің қызметкерлері 2017 жылдан бері азаматтық заңнамасын бұзып келе жатқан Италия азаматын анықтады,
— деді Қостанай облысы әкімдігінің көші-қон қызметінің басшысы Қайрат Дүтпаев.
Әйел шетел азаматтығын алғаны туралы дер кезінде хабарламағандықтан, 4 қарашада Қостанай қаласының әкімшілік істер жөніндегі мамандандырылған соты оны Қазақстаннан депортациялау туралы шешім шығарған.
Заң бойынша азаматтар басқа мемлекеттің азаматтығын алған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде бұл туралы Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына немесе шетелдегі мекемелеріне хабарлауы қажет.