Утилизация төлемінің 920 миллион теңгесін жымқырды деген күдікпен Дубайда Шынар Мұқтарова ұсталды деп антикор бөркін аспанға атып жатыр.
Елге экстрадициялап, заң алдында жауапқа тартамыз деп, алақандарын ысқылап отырған көрінеді. Бірақ Шынар Мұқтарова даулы «ӨКМ Опараторы» команиясының қағаз жүзіндегі құрылтайшысы, шын мәнінде Әлия Назарбаеваның үй қызметшісі дейді ел.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бұған дейін «ӨКМ Операторы» ЖШС-нің бұрынғы құрылтайшысы Ш. Мұқтароваға аса ірі мөлшерде жымқыру күдігімен халықаралық іздестіру жариялаған болатын. Ол Дубай қаласында ұсталып, Интерполдың көмегімен Біріккен Араб Әмірліктерінің уәкілетті органдары қамауға алды, делінген хабарламада.
Естеріңізде ме, алдында Арыстанбек Мұхамедиұлының соты Санта-Барбара болған еді. Экс-министрдің әйелі адвокатына күйеуін шығарып алу үшін 460 мың доллар беріпті деген ақпарат тарағанда. Ол мынаның жанында түк болмай қалды.
Қайрат Боранбаев не істеп жатыр екен?