Мына «жаңа Қазақстан» да жайлап жаға ұстата бастады.
Қазақстан билігі елде қаптап кеткен шетелдік нөмірлі көліктер мәселесін қалай шешерін білмей, ақыры 200 мың теңгеге заңдастыруға рұқсат берген еді.
Қазақстанда өзіне ұнайтын тәуір көлікті алуға ақшасы жетпей, амалсыз шетелде тіркелген мәшинені таңдауға мәжбүр болғандарға биліктің жасаған жақсылығы болсын деп.
200 мың теңгені төлеп, заңсыз көлікті заңдастыру акциясы ең алдымен сол көлігінің қызығын көріп, өзі иелік етейін дегендерге арналса керек.
Алайда 200 мың теңгеге қазақтың нөмірін тағып, заңдастырылған көліктің иелері енді онысын 60 есеге қымбатқа сатып, жоқ жерден зор пайда көргелі жүр. Мәселен, Қостанайда 12 млн 900 мың теңгеге 2008 жылғы Toyora Alphard көлігін сатайын деп жүрген бір пысықайдың хабарландыруы пайда болды.
Мұны естіген кей азаматтар ондай көліктерді заңдастырылғаннан кейін белгілі бір мерзімге дейін сатуға тыйым салынуы керек еді деп күйінуде. «Әділетті жаңа Қазақстанның» мұндай әділетсіздігі несі деп.
Біздің елде ортақ заң мен тәртіпке түкіргендердің тасы қашанғы өрге домалай береді,
деп.