“Меломан” дүкендер желісінің сайты жанрлар бойынша 2022 жылдың үздік кітаптарын жариялады.
“Меломан” оқырмандарының таңдауы келесідей:
- Жолдыбайұлы Қ.: Kemel adam/Кемел адам
2. Кунаев Д.: О моем времени. От Сталина до Горбачева
3. Примаченко О. В.: С тобой я дома. Книга о том, как любить друг друга, оставаясь верными себе
4. Орманбаева Д.: Ты не ушибся, сынок?
5. Лабковский М.: Люблю и понимаю
6. Қонаев Д.: Ақиқаттан аттауға болмайды
7. Дюсембина Г. Ж.: Казахский язык? Легко! Самоучитель в 9-ти простых правилах
8. Момышұлы Бауыржан: Психология войны
9. Шустер Т.: Купи себе эти чертовы лилии. И другие целительные ритуалы для настройки своей жизни
10. Мэнсон М.: Дневник пофигиста: Тонкое искусство пофигизма на практике
“Кемел адам” кітабы көш бастап тұр. Автор Қайрат Жолдыбайұлы бұл кітабында жан-жақты жетілген идеалды адамның қасиеттері мен ерекшеліктерін түсіндіре отырып, оқырманын “кемел адам” болуға шақырады. Кітаптың бірінші бөлімінде кемелденудің психологиялық кедергілері түсіндіріліп, түйіні тарқатылса, екінші бөлімде тән сау- лығының маңыздылығы, денсаулықты күтудің жолдары мен жай-жапсары баяндалады. Үшінші бөлімде уақытты тиімді пайдалану және жоспарлау тәсілдері мен тетіктері берілген. Төртінші бөлімде қаржылық сауаттылық жайлы түсіндіріліп, тапқан табысты нәтижелі жұмсаудың бағыт-бағдары айтылады. Ал бесінші, алтыншы бөлімде эмоциялық зерде, яғни байсалдылық танытып, көңіл-күй, сезімдерімізді басқару тәсілдері мен қарым-қатынас қағидалары жан-жақты түсіндіріледі. Әр бөлім мысалдар және рухани ұстын, қағидалармен бекітіліп отырады.