2022 жылы Қазақстанда қандай қуанышты оқиғалар болды?

2022 жыл — қазақстандықтар үшін қиын кезең. Бұл жылы ел азаматтары басынан түрлі оқиғаны өткеріп үлгерді. Оның ішінде қайғылысы да, қуаныштысы да бар. Бүгінгі материалда бір жылдағы жақсы жаңалықтар топтамасын ұсынамыз.

Абай, Ұлытау және Жетісу: үш облыстың құрылуы

Қазақстанда жаңа үш облыс құрылды. Шығыс Қазақстан облысының Семей аймағында – Абай облысы, Қарағанды облысының Жезқазған өңірінде – Ұлытау, Алматы облысы аумағында Жетісу облысы құрылады. Абай облысының орталығы – Семей, Ұлытау облысының орталығы – Жезқазған, Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласы болды.

Бұл жаңа облыс тұрғындары үшін ерекше жаңалық болды. Өйткені олар облыс мәртебесінің арқасында өз аумақтарына көп көңіл бөлінеді деп үміттенеді.

Фото: gov.kz

Қапшағай енді Қонаев

2022 жылғы 16 наурызда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында Қапшағайға Қонаев атауын беруді ұсынса, қолдайтынын айтты. Мамырда президент тиісті жарлыққа қол қойып, Қапшағайдың атауы ресми түрде Қонаев болды.

Сонымен қатар Қонаев Алматы облысының орталығы болып бекітілді.

Карантин шектеулерінің алынуы

2022 жылдың жазында коронавирус инфекциясына байланысты енгізілген карантин шектеулері алынды. Бұрынғыдай медицина маскасын тағу міндеттелмеді. Оқушылар мен студенттер қайта офлайн оқуға ауысты. Еліміздің түкпір-түкпіріндегі қалаларда мерекелік шаралар, концерттер өткізуге рұқсат етілді. Екі жыл бойы үйден шықпаған қазақстандықтар үшін бұл — 2022 жылдағы ең жағымды жаңалық.

Фото: Baribar.kz

Елена Рыбакинаның тарихи жеңісі

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина ғаламшардағы ең беделді турнирлердің бірі — Уимблдон чемпионы атанды. Уимблдон турнирінің финалында әлемнің 23-ракеткасы әлемдік рейтиңгіде екінші орындағы тунистік Онс Джаберді ұтты. Корттағы жекпе-жек екі сағатқа жуық уақытқа созылды.

Рыбакина жекелей сында «Үлкен дулыға» турнирінде жеңіске жеткен қазақстандық бірінші спортшы атанды.Оған марапатты Кембридж герцогинясы Кейт Миддлтон табыс етті.

Фото:Reuters

Астана — Нұр-Сұлтан — Астана

17 қыркүйекте астананың бұрынғы атауы Нұр-Сұлтан қаласына қайтарылды. Яғни қазір елордамыз «Астана» деп аталады. Атауын өзгерту Конституцияға енгізілген өзгертулер аясында жүзеге асырылды. Айта кетейік, 2019 жылы астананың атауы Нұр-Сұлтан деп өзгергенде оған наразы болған адам көп болды. Сол себепті 2022 жылдағы бұл жаңалық — кей азамат үшін жақсы хабар.

Фото: НУ

30 мың адам жинаған Димаш Құдайбергеннің концерті

2022 жылғы 23 қыркүйекте Алматыдағы орталық алаңда Димаш Құдайбергеннің концерті өтті. Қазақстан үшін бұл — халықаралық деңгейдегі елеулі шара. Оған 30 мың адам қатысты. Димаштың Stranger атты шоу-концертіне тек қазақстандықтар емес, Чехия, Мексика, Дания, АҚШ сияқты әлемнің 70 жуық елінен елдерден жанкүйерлері келді.

Әр мемлекетте өтіп жатқан концертім ерекше ұмытылмас күн деп ойлаймын. Алматыдағы жерлестеріме, ағайындарыма беріп жатқан ең алғашқы емтиханым деп айтсам болады. Сол себептен көңілдеріңізден шығып, баталарыңызды алу үшін алғаш рет келіп тұрмыз,

деп сөз сөйледі Димаш Құдайберген концертінде.
Фото: Петр Тростенко

Республика күнінің қайта тойлануы

Қыркүйектің соңында президент Республика күніне мемлекеттік мереке мәртебесін беру туралы жарлыққа қол қойды. Осылайша, 25 қазан мереке және демалыс күніне айналды. Еске салайық, 2009 жылдан бері Республика күні тек әлеуметтік маңызы бар мереке ретінде аталып өтілді және оның құрметіне демалыс күні болмады.

Фото: Zakon.kz

«Аватар: су жолының» қазақ дубляжының рекорды

2022 жылғы 15 желтоқсанда Қазақстанда «Аватар: су жолы» фильмінің тұсаукесері өтті. Әлемге әйгілі кинотуындыны қазақстандықтар да асыға күтті. Дегенмен бұл жылы ел азаматтары ерекше белсенді. Кей тіл жанашыры әлеуметтік желіде акция бастап, пост жариялап, адамдарды «Аватардың» қазақша дубляжын көруге шақырды.

Бір қуантарлығы, олардың бастамасы айтарлықтай нәтижеге жетті. Елімізде фильмнің қазақша дубляжына сұраныс артты. «Аватар: су жолының» қазақша нұсқасын алғашқы аптаның өзінде 18 121 адам тамашалап, рекорд орнатты.


Тағы да оқыңыз: Қабырғаны қайыстырған 2022 жыл

Наргиза Аршидин

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

17 часов ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

17 часов ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

18 часов ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

18 часов ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

19 часов ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago