«2023 жылы әркім ең алдымен өзі мен өз отбасының қамын ойлауы керек. Үкіметтің керемет жоспарлары мен әкімдердің ертегілерін тыңдамауға тырысу керек. Оның орнына ақшалай қор жинауға тырысқан жөн», деген кеңес береді экономист Расул Рысмамбетов.
2023 жылы әрбір адам құрығанда екінші жұмыс тауып алуға талпынсын.
Жалақының төмендігінен қазір екінің біріне бір айлық жетпейтін боп жатыр. Сосын денсаулықты ұмытпаңыздар!
2023 жылы тамақтың бағасы тағы қаншаға қымбаттайтынын біз білмейміз, сондықтан шығындарды азайтқан дұрыс.
Жылдың басында жұмыс орындарында қысқартулар болуы мүмкін. Сосын инфляция деген жалмауыз үдей түседі. Қазірдің өзінде 19,6 пайыз ол,
жыл басында қатты өсетін әдеті бар.
Қазақстанның үлкен ерекшелігі – уақыт алға озған сайын халқының тіршілігі нашарай түседі. Ендеше, 2023 жыл 2022 жылдан да жаман болады.
2019 жылы жарылыстар мен өрт болды. 2020 – коронавирус. 2021 – тағы сол ковид жыры. 2022 – соғыс, өрт, Екібастұздағы апат.
Жалпы, үкімет халыққа, ел азаматтарына сенбей, бәрін бір өзі реттеп, билеп-төстегісі келеді. Сол үшін үкіметке халық та сенбейді.
Осындай да мемлекет болады екен…