«2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңда ең төменгі жалақы, АЕК және басқа да есептік көрсеткіштер бекітілді.
Оған сәйкес:
- ең төменгі жалақы — 70 000 теңге;
- мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 24 341 теңге;
- ең төменгі зейнетақы – 53 076 теңге;
- айлық есептік көрсеткіш – 3450 теңге;
- базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі — 40 567 теңге.