Үкімет 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің көлемін ұлғайту туралы шешім қабылдады.
2022 жылғы 16 қарашадағы жарлыққа сәйкес мүгедектік және асыраушысынан айырылу бойынша төлемдер 8,5%-ке өседі.
Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 3-тармақшасына сәйкес 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері ұлғайтылсын. 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін тағайындалған әлеуметтік төлемдер сомасының 8,5 пайызын құрайды,
делінген құжат мәтінінде.