Қаржы министрлігі «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасын әзірледі. Құжат «Ашық НҚА» ресми порталында жарияланды.
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап:
- жалақының ең төменгі мөлшері — 60 000 теңге;
- мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері — 21 907 теңге;
- зейнетақының ең төменгі мөлшері — 53 076 теңге;
- айлық есептік көрсеткіш — 3 450 теңге;
- ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшері — 40 567 теңге.
Республикалық бюджет кірісі 17,5 трлн теңге болып белгіленді. Оның 10 млрд теңгеге жуығы — салықтан түсетін түсім, 351 млрд теңгесі — салықтық емес түсімдер. Ресей «Байқоңыр» кешенін пайдаланғаны үшін 54 миллиард теңге және әскери полигондарды пайдаланғаны үшін 9,4 миллиард теңге көлемінде жалдау ақысын төлейді.
Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферт мөлшері 2,2 трлн теңге, мемлекет басшысы айқындаған мақсаттарға арналған нысаналы трансферт 1 трлн теңге болды.
Заң жобасы сайтта 2022 жылғы 8 қыркүйекке дейін ашық жария талқыланады.