Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңға қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап:
- Ең төменгі жалақы мөлшері – 85 000 теңге;
- Айлық есептік көрсеткіш – 3 692 теңге;
- Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 28 215 теңге;
- Зейнетақының ең төменгі мөлшері – 57 853 теңге;
- Ең төменгі күнкөріс деңгейі – 43 407 теңге.
Сондай-ақ 2023 жылдан 2027 жылға дейін ең төменгі базалық зейнетақының мөлшерін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54-тен 70 процентіне, ал ең жоғары мөлшерін 100-ден 120 процентке дейін кезең-кезеңімен ұлғайтылатыны бұған дейін хабарланды.
Биылғы жылдың басында базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері 54%-дан 60%-ға дейін өсті.
Бес жыл ішінде базалық зейнетақының мөлшері орта есеппен 50%-ға дейін өседі. Бұл Қазақстандағы барлық зейнеткерді (қазіргі уақытта 2,3 миллион адам) қамтиды.
Сонымен қатар базалық зейнетақының мөлшері де күнкөріс минимумының өсуіне қарай жыл сайын ұлғайтылады.
Сондай-ақ 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетке шығатын азаматтар үшін ынтымақты зейнетақыны есептеу үшін пайдаланылатын ең жоғары табыс 46-дан 55 АЕК-ке дейін ұлғайтылды.
Бұл ретте белгіленген ынтымақты зейнетақы мөлшері жыл сайын инфляция деңгейінен 2%-ға өсіп жатыр.