Биыл оқушылар наурызда 11 күн демалады. Көктемгі каникул наурыз тойлаудан басталады.
Наурыздан кейінгі апта толық демалыс.
Яғни 21 наурыздан бастап 31 наурызға дейін жалғасады. Биыл 31 наурыз жексенбіге тура келіп тұрғандықтан сабақ дүйсенбі, 1 сәуірден басталады.
Былтыр мектептегі оқу жылы созылып, алғаш рет Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау 1 маусымда соғылды. Оқу жылы 1 қыркүйекте басталып, 31 мамырда аяқталып, 36 аптаға созылды. Бұл бірқатар мәселе тудырды. 25 мамырдан кейін көптеген оқушы оқулықтарын тапсырып, мектепте сабақтың орнына сыныптан тыс іс-шаралар өткізіп жатқаны туралы ақпарат пайда болды.
Көптеген талқылаулардан кейін Оқу-ағарту министрлігі 25 қайтарылатынын мәлімдеді.
Жаңа 2023-2024 оқу жылы 25 мамырда аяқталады. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова айтты.