Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі 2024 жылғы діни күндер кестесін бекітті.
Жария болған мәліметке сәйкес, келер жылдың 11 наурызында қасиетті Рамазан айы басталады.
- Ораза айт — 10 сәуірге, ал Құрбан айт — 17 маусымға сәйкес келеді.
- Қадір түні – 5/6 сәуір.
Алайда, пәтуа мамандары діни мейрамдардың нақты күндері жаңа айдың көрінуіне байланысты көрсетілген уақыттан бір күн шегерілуі немесе алға жылжуы мүмкін екенін ескертеді.