2025 жылға дейін Қазақстандағы медицина ЖОО студенттерінің шәкіртақысы жыл сайын 15—20%-ке өседі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Бұл жақсы оқуға қосымша серпін береді және біздің ЖОО-ларға мықты талапкерлерді қосымша тартады,
дейді ҚР ДСМ ҒАРД директоры Дәулет Алдыңғұров.
Министрліктің мәліметінше, 2022 жылы республикалық бюджеттің есебінен 4700 білім беру гранты, оның 1500-і резидентура үшін бөлінді.
2023 жылы республикалық бюджеттің есебінен резидентура грантының санын 2500-ге дейін ұлғайту жоспарланып жатыр.
Сонымен бірге биыл ҚР ДСМ медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру бойынша заң жобасын әзірлеп, Парламент мәжілісінің қарауына енгізілді. Ол қазір сараптамалық қоғамдастықтың талқылауына шығарылды, Мәжілістің жұмыс тобы жұмыс істейді.
2023 жылы ол қабылданып, 270 мыңнан астам медицина қызметкері сақтандырылады деп күтеміз. Сонымен бірге келесі жылы маманның функционалдық мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік беретін, ал кадрлар тапшылығы кезінде қосымша еңбек функцияларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін сертификаттау курстарының тізбесін кеңейтуді жоспарлап отырмыз,
деп хабарлайды ведомствоның Кадр департаментінің басшысы.