«Қазгидромет» синоптиктері 21-23 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Мамандардың мәліметінше, алдағы үш тәулікте барикалық түзілістердің жылдам өзгеруі мен атмосфералық процестердің шиеленісуі салдарынан Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады. Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда қар аралас жаңбыр жауады. 22-24 қарашада Республиканың оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), 23 қарашада шығыста қалың қар жауады.
Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, көктайғақ, тұман болады. Солтүстікте, шығыста және орталықта — қарлы боран болып, түнде ауа температурасы 17-28 градусқа дейін төмендейді,
делінген хабарламада.