Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев 24 мыңға жаңа жылдық дастархан жаюға болатынын айтты.
Осы сомаға министр құрма, қияр-қызанақ, ет, сүт өнімдерін, тіпті екі тандыр нан алыпты.
Базарға өз аяғымен барып, саудаласқан көрінеді. Өзіне де, бағаға да көңілі толып тұрғаны байқалады.
Мен жаңа жылды тандыр нанмен қарсы алатын шығармын. Сіз білмейсіз ғой. Әріптестер, жаңа жыл – әркімнің жеке мерекесі. Бірақ бәрі «Оливье» индексіне қарайды. Сондықтан бәрі тәбетіңіз бен әмияныңызға байланысты,
деді Арман Шаққалиев.
24 мың теңге министрдің бір асы сияқты. Өз сөзімен айтқанда: «бәрі қалта мен тәбетке байланысты».