«Қазгидромет» синоптиктері Қазақстанда 2022 жылғы 25 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Мамандардың мәліметінше, республиканың басым бөлігінде қар жауады. Тек батыста – ауа райы жауын-шашынсыз.
Республикада тұман, көктайғақ, жел күшейеді, Қазақстан Республикасының солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында – қарлы боран күтіледі.
Ақмола облысының оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), Қарағандының солтүстігінде, түнде Солтүстік Қазақстанның оңтүстігінде, Қостанайдың шығысында, күндіз Шығыс Қазақстанның солтүстік-шығысында қалың қар жауады деп күтілуде,
дейді синоптиктер.