Шын есімі Қожамұратова Арайлым Адилбекқызы.
Айс Муратова деген халықты 30 млрд теңгеге алдап, қытай зауытынан арзанға тауар акеліп беремін деп сан соқтырып кеткен.
Алданғандар санында шек жоқ, елдің әр түкпірінен Айстың атына шамамен 30 млрд теңге аударған. Айстың өзі болса
Коттедж алып, Гелен мініп жүр.
Зар қақсап алданған халықтың айтуынша, Айстың үшінші рет тиген күйеуі полиция қызметкері ол жазадан құтылып кетуі әбден мүмкін. Халық Айсты отбасымен қоса жазаласын дейді. Өйткені Айстың айтуымен миллиондап ақша аударғанда соның отбасы мүшелеріне аудардық, олардың да қатысы бар дейді.
Аралайым Қожамұратованың арбауына түсіп 134 менеджер 2 жыл ішінде халықтан 30 миллиард жинаған. Олар ақшаны оның туыстарына да салып отырған.
Алматыда арызданып ашпаған есігі қалмаған соң бала-шағасымен әділдік сұрап Астанаға келді.
Қытай зауыттарынан арзан тауар жеткіземіз деп ең көбі 462 миллион, ең азы 45 миллион теңге қалтасына басқан.
Қылмысна арбау арқылы «оптовик» чаттарына 2 миллион ақша беріп кірген менеджерлерді пайдаланған. Олар осы ақшаның бәрін мыңдаған халықтан жинап жіберіп отырған. Соңында ақша да жоқ, тауар да жоқ.
28 жастағы жас қыздың артында кім тұр?
Оқырмандардың ойы екіге бөлінді. Көпшілігі қаржылық сауаты жоқ өздері кінәлі дейді.
- Телевизордан әр түрлі «қалаулым», «қосылайық» деген мағынасы жоқ сиқы-мазақтарды көрсетпей, халыққа пайдасы тиетін заң тұрғысынан көптеген бағдарламалар көрсетіп халықты тәрбиелеу керек!
- Май сасыған халатты киіп алып, баланы топырлатып туа бергенше, оқып дамып, көздеріңді ашып көкіреткеріңді оятыңдар. Өз өмірлерің өздеріңнің ғана қолдарыңда. Мына қатындар сауатсыз қараңғы екені түрлерінен, сөздерінен көрініп тұр.
- Билiк ешнәрсе істемейді деп, билiкке жауа бермендер. Билiк сендерге сал дедi ме? 1 рет емес, 2 рет емес. Өздері осылайша пирамидаларға кіріп алады да, билік көмектессін деп айқайлап жүреді.