Биылғы жылдың соңында «Сергек» мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы бойынша шарттың мерзімі аяқталады. Астана әкімдігі күзде жаңа конкурс өткізуді жоспарлап отыр.
Соңғы жылдары қаланың бюджетіне түскен қаражаттың көлемі 25 млрд-тан 30 млрд теңгеге дейін. Оның бәрі қаланың бюджетіне түсіп жатыр екен.
Цифрландыру және мемлекеттік қызмет басқармасының мәліметінше, елордада 28 мыңға жуық бейнекамера орнатылған. Сондай-ақ бүгінде 76 камераға қажеттілік бар. Бейнекамераларды орналастырудың арқасында қалада қылмыс 35% азайған.
Еске сала кетейік, «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешені Астанада 2017 жылы іске қосылды. Оның құрамына бейне түсіру модульдерінің желісі, суреттерді жазу және тану жүйесі, ақпаратты өңдеуге және талдауға арналған зияткерлік жүйе кіреді.