Тик-Ток әлеуметтік желісінде жаңа флешмоб вирустай таралып жатыр. Қазақтың жас қыз-келіншектері өздерінің құқықтары тапталғанын алға тартып, хиджаб киюге екшім тыйым сала алмайды деген үндеулерін Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдаған.
Бұл қыздардың шеруі жақсылықтың нышаны емес. Оқырмандар жаппай қыздарға Иранға немесе өзге мұсылман елдеріне көшіңдер деп кеңес беріп жатыр. Иран әйелдері бостандық пен еркіндікті аңсап жүргенде, біздің қыздар «қолдағы алтынның қадірін білмегені» өкінішті-ақ.
Менің киген хиджабым сізге кедергі жасап жатыр ма?
деген хиджабтағы қыздардың видеолары желіні шулатты.
Бірнеше күн ішінде осыған ұқсас видеолар кеңінен тарала бастады. Жастар «біздің дінімізді, сенімімізді аяқ асты еттіңдер» деген қарсылық шерулерін бастап кеткендей.
Флешмобтың тағы бір қатысушысы жап-жас қыз. Ол:
мен оқуымды да, жұмысымды да тастауға дайынмын, тек хиджабымды ешқашан шешпеймін,
деген видео түсіріпті.
Видеода ол сөмкесін лақтырып, артынша кітап-дәптерлерін өртегенін көрсеткен.
Қарсылық шеруіне қатысқандардың мәліметінше, оларға ешкім ақшалай қолдау жасамаған. Бұдан бұрын танымал блогерлерге хиджаб «модасын» халық арасында насихаттау үшін ақша ұсынғандар да болған.
Негізі, ресми түрде мектепте хиджаб киюге тыйым салынбаған, дейді олар. Сондай-ақ , дәл осы білім ошақтарында оқушылармен түсіндіру жұмыстары өткізілмейді.
Осы хиджаб мәселесінен басқа проблемалар құрып қалды ма елімізде? Дінімізді жайында қалдырып, пайдалы істермен айналысыңыздар!
дейді флешмоб қатысушылары.
Естеріңізге сала кетейік, хиджаб мәселесі көтерілгеннен бері, қыздар мектепке бармауды шығарған. Олжас Биляловтың айтуынша, 13 мыңнан астам оқушы қыз діни киім киеді екен.
Бүгін ғана Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева хиджаб мәселесіне қатысты сұраққа жауап берді. Оның айтуынша кейбір діни киімдерге ғана шектеу қойылады. Бірақ бұл қадамның хиджабқа мүлдем қатысы жоқ.
Хиджабтың мағынасы – жабыну,бөтен көзге көрінбеу. Мұсылман әйелінің көшеге шыққанда бетін, денесін жасыру үшін киетін киімі. Ал қазіргі жас қыздар хиджабты модаға айналдырып алды. Киініп алып, суретке түсіп, дінге қарама-қайшы іс-әрекеттер жасап жүр.
Салафизм деп қақсап жүргенімізде, жас қыздардың миларын улап жатыр. Бетін тұмшалап, қара жамылғандар міне, шеру ұйымдастыруға жетіп қалды. Әлеуметтік желі арқылы басталып, соңы не болмақ?