Қазақстанда 90% жол осындай. Қалада да, ауылда да.
Жолға кеткен ақша, қолға өтіп кететін сияқты. Алматы жақтан Үшарал мен 92 деген жердің ортасы, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы окоптар сияқты.
Қарағандыда жедел жәрдем көлігі науқасқа жетпей көшеде батып қалған. Сочинская көшесінде тұрып қалған көлікті төтенше жағдайлар қызметі шығарып алған.
Әкімдер келесі жылға жоспарымыздар бар деп жүргенде, талай жедел жәрдем көлігі көмекке жетпей, батпақта қалатын сияқты.
Билікте отырғандардың құлағына жете ме екен? Көздері көреді ме екен? Олардың аяғы баспаған көшелердің ретке келетіні екі талай. Әрине, халық шырылдап, шу көтергенде ғана болмаса… Шындығында қарапайым халыққа обал. Балаларын мектепке апаратын ата-аналардың соры.
Алматы облысы Іле-Талғар ауданындағы жолдар да дәл осындай күйде. Толғағы келген келіншек жедел жәрдем шақыртса, батпаққа батып шыға алмай қалыпты. Әлгі әйел ауыр сөмкесін арқалап, жаялаутып жетуге мәжбүр болыпты.
Қарағанды былай тұрсын, елордамыз Астананың ішінде жүріп, батып жатыр халық.
Жаңадан төселген автожолдардың да сапасы өте төмен. Ақаулар күн сайын анықталуда. Биліктегілер оған бірнеше себеп бар дейді. Техникалық бақылау жоқ. Тендер ұтқан компания білгенін жасайды. Артынан осындай былықтары шыға келеді. Зардабын халық тартады. Екіншіден құрылыс материалдарының стандартқа сай келмеуі. Үшіншіден, ауыр жүк көліктерінің жүрісін қадағаламау. Ал Қытайдан кіретін жүк көліктері кемінде 40 тоннадан асады. Сондықтан автожолдардың ой-шұқанағы көп.
Былтыр жол мәселесіне жауаптылар 100 миллион айыппұл арқалаған, немқұрайлылығы үшін.