Қыркүйек жақындады. Қалтаңды төңкере бер.
Белгілі тілші Дина Төлепберген ұлдарына мектеп формасын алуға қамталыпты. Осылай аралап жүріп бүгінгі бағалармен таныстырды.
Айтуынша ақ жейденің бағасы 20 мыңға жеткен. Оған қоса әлі шалбар мен костюм алу керек. Жейденің біреуі емес, үшеуі керек.
Оқырмандардың жазуына қарай, расымен де бір баланы киіндіруге 100 мыңнан кем емес қаражат керек.
Оқу-ағарту министрлігі олай ойламайды. Биыл әр оқушыға киім, оқу құралдарын сатып алуға жұмсалатын қаражаттың ең төменгі мөлшері
40 567 теңге белгіленіп отыр.
Ал, шын мәнінде осы ақша бір баланы киіндіруге жете ме?!
Қаладағы балаларға арналған кимі-кешектің көптеген дүкендері қатар шоғырланған бірден-бір сауда орталығы Grand park. Ұлдарға арналған пиджак 20 000-нан басталса, 30-48 өлшем аралығындағы классикалық белдемше 7000 теңгені көрсеткен еді. Ал жейделер 5000-нан басталады. Жеңілдікке тап болуың да мүмкін.
Ата-аналардың жазғандары:
- Маған қызымды киіндіруге 70-80 мыңдай кетіп отыр. Бұл оқу құралдарын қоспағанда.
- Пластилині бар, түрлі көрнекілік заттары бар әр балаға 30 мыңнан шығып кетеді. Оқу құралы дегеніміз дәптер мен қаламнан тұрмайды ғой. Ал менде үш бала.
- 3500-4000 мыңға алады қарапайым халық. Қымбатқа қалталары көтермейді. Жалақылары аз.
- Мен ұлымның тек бір аяқ киімі 38 999 теңге болды ғой!
Әркім өз қалтасына сай, не базар аралайтыны, не сауда үйіне баратыны рас. Бағада айырмашылықтары да бар. Алайда, арзанның құны жоқ, дейді қала тұрғындары. Былтыр барахолка базарына жұмсаған 80 мың теңге далада қалды. Жейделер сарғайып, тігісі тез бүлініп, жыл ортасында тағы да киіндіруге тура келген. Осы себептен көпшілік бірден сапалы әрі қымбат киім алуды жөн көреді.
Кейбір ата-аналар өздері мата алып, балаларын киіндіреді екен.
25 мыңга мата алып,үш балама форма тігіп жатырмын, бұйыртса, екі ұлыма екі жейде, екі дана шалбар, жең, қызыма да сарафан тігіп беремін,
деп жазыпты оқырман.