Мемлекеттік мүлік пен жекешелендіру комитеті аукционға шығарған 400 миллион теңгелік сағат естеріңізде шығар? Бақытжан Сағынтаевтың бұрынғы күйеу баласынан тәркіленген швейцариялық сағат екі рет аукционға шығарылғанымен, өз иесін таппады.
Бастапқыда бағалы сағатты мемлекеттік органдарға аукцион арқылы тегін бермек болған. Алайда ешқандай ведомство сағатты алғысы келмеген сыңайлы. Кейін бастапқы бағасы 393,6 миллион теңге деп белгіленіп, қайта аукцион арқылы сатылымға қойылды.
Сағынтаевтың бұрынғы күйеу баласы 3 жыл бұрын РБК банкінен 144 миллиард теңге жымқырғаны үшін 8 жылға сотталған. Сол кезде қымбат сағат тәркіленіп, мемлекет меншігіне өтіп кеткен.