Мерзімді әскери борышын өтеуге шақырылғандарға кредиттік демалыс беру іске асырылып келеді, деп хабарлайды Астана арнасы.
2022-2023 жылдары 3,2 млрд теңге көлемінде 20 300 кредиті бар сарбаз анықталды. Бүгінгі таңда 8 800 қарыз бен микрокредит бойынша 5 мыңнан астам әскери қызметшінің 1,4 млрд теңге мөлшеріндегі төлемдері кейінге қалдырылды.
Айта кетейік, Қазақстанда мерзімді әскерге шақырудың күзгі науқаны басталды. Жыл соңына дейін 19 мыңнан аса азамат Қарулы күштер мен басқа да әскери құрылым қатарын толықтырады.
Сондай-ақ Қорғаныс министрлігі әскерден босату бойынша көмек ұсынатын, ол үшін ақы сұрайтын жандардан сақ болуға кеңес береді.