Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
Алматы облысында үш судья жемқорлықпен ұсталды
04.12.2023
Мәжілісмен БҰҰ сайтында Бишімбаевтың ісі туралы мақала жарияланғанын айтты
04.12.2023
18 жылдан бері із-түзсіз кеткен әйел интим қызмет көрсететін притоннан табылды
04.12.2023
2023 жыл адамзат тарихындағы ең ыстық жыл болды
04.12.2023
«Ескірген үйін жөндеп, мүгедек ата-анасын асыраған: Хостелде мерт болғандар
04.12.2023
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Оқиға > 6 жарым жылға сотталған танымал актердің ағасы даулы оқиғаның қалай болғанын айтып берді
Оқиға

6 жарым жылға сотталған танымал актердің ағасы даулы оқиғаның қалай болғанын айтып берді

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 13.10.2023
Обновлено 13.10.2023 в 12:10
Поделиться
Поделиться

6 жарым жылға сотталған танымал актердің тағдыры кешеден бері әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп жатыр. Соңғы 10 ай бойы үйқамақта отырған Асқар Жұмабек президенттен көмек сұрап, жеке парақшасына видео жариялаған еді. Stan.kz басылымы Асқар Жұмабектің ағасынан істің мән-жайы туралы сұрап білген екен.

Қоғамда дүр сілкіндірген атышулы оқиға былтыр, яғни 2022 жылдың 28 желтоқсан күні түнгі сағат 2 шамасында Алматыдағы Әл-Фараби даңғылының бойында орналасқан караоке-барда болған.       

Негізі менің інім ол караоке-бардың тұрақты клиенті, қонақ ретінде жиі барып тұратын. Сол күні барған кезде әлгі жағдай болып қалған. Інімнің досы сол караокеде диджей боп жұмыс істейді. Сол сәтте жаңағы дөкейлердің балалары өздерінің оққағарларымен бірге басқа үстелде отырған. Содан сол дөкейдің балалары келіп «Бізге музыканы ауыстырып беріңдер» деп диджейге тиісе бастаған. Диджей жағдайды түсіндіріп, «Күте тұрыңыз, кезегіңіз келеді» деп айтқан. Оған қарамастан олар диджейді ұрып-соға бастаған. Ол 4-5 бала бір адамға жабылып, желкесінен ұстап далаға алып келе жатқан видеода да көрініп тұр. Сол сәтте менің інім дос баласы екеуі сыртта тұрған. Диджей досын біреулер ұрып жатқанын көріп қалып, көмекке барып ажыратпақшы болған,

дейді Ербол Жұмабек.

Дәл осы жанжалдың соңы төбелеске ұласқан. Досына көмекке келген актер жігітті де екінші тарап соққыға жығыпты.   

Інім таяқ жеп қалды ғой. Еркек болғаннан кейін мінез, намыс бар. Сонымен Асқар да оларға бір-екі шапалағын берген. Ол енді арнайы төбелесуге барған жоқ. Тек қана ажыратпақшы болған. Сондай жағдай болып отыр. Ол негізі әркімнің, әр еркектің басынан өтетін жағдай,

дейді актердің ағасы. 

12 қазан күні Бостандық ауданының №2 сотында келушілерді ұрып-соққан караоке-бар қызметкерлеріне қатысты қылмыстық іс қаралып, сот үкімі шыққан. 

Сот үкімі шықты, жағдай өте нашар. 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айырды ғой. Сол төбелеске қатысқан күзетші балалар бар, диджей бала бар, барлығына бірдей – 6 жыл 6 айдан мерзім берді. Отбасымызбен бәріміз қобалжып отырмыз. Қолдан келгенше көмектестік, бәрін істедік. Адвокатымыз бар. Ол кісілер де шамасы жеткенше, қолдан келгенше көмектесіп жатыр. Ендігі қадам ел президентінен көмек сұрау, 15 күнде аппелациялық шағым беру. Қайтадан заңды түрде қараса екен деп отырмыз. Басқа енді ешқандай мүмкіндік болмай тұр,  

деді Ербол.

Ағасының айтуынша, сот үкімі кезінде жаза арқалаған жігіттердің әрқайсысы жәбірленуші тарапқа 1 және 1,5 миллион теңгеден төлеу міндеттелген екен. Айта кетейік, соттың үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Анара Бауыржанқызы 13.10.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • Алматы облысында үш судья жемқорлықпен ұсталды
  • Мәжілісмен БҰҰ сайтында Бишімбаевтың ісі туралы мақала жарияланғанын айтты
  • 18 жылдан бері із-түзсіз кеткен әйел интим қызмет көрсететін притоннан табылды
  • 2023 жыл адамзат тарихындағы ең ыстық жыл болды
  • «Ескірген үйін жөндеп, мүгедек ата-анасын асыраған: Хостелде мерт болғандар

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

Жемқорлық

Алматы облысында үш судья жемқорлықпен ұсталды

04.12.2023
Оқиға

18 жылдан бері із-түзсіз кеткен әйел интим қызмет көрсететін притоннан табылды

04.12.2023
Оқиға

Шымкентте ер адам ұлын бауыздап өлтірді деген күдікке ілінді

04.12.2023
Оқиға

Назарбаев жаңа кітабында Қаңтар оқиғасына бүтін бір тарау арнады

01.12.2023

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?