Ешқашан да кеш емес!
Көпке үлгі Алмахан Батырқұлов зейнет жасында шетелде жаңа өмір бастап көпшілікті таңырқатты. 69 жастағы алқымдаған ақсақал Сиднейдің ірі компаниясында ІТ-маман болып жұмыс істейді. Еңбек демалысында елге оралған Алмахан Батырқұловпен КТК тілшісі сұхбаттасыпты.
Өмір бойы ел ішінде еңбек еткенмен, Алмахан Батырқұлов зейнетке шыққан соң жұбайымен Аустралияға қоныс аударуға бел буды. Екі қызының сол жақта тұруы түрткі болған. Алпыстан асқанында ағылшын тілін үйренуге ден қойып, аз уақытта-ақ меңгерген ақсақал Сиднейдегі ірі компанияға 63 жасында орналасып талайды таң қалдырды. Соңғы алты жыл сол жақта жұмыс істейді.
Біздің компания CRE конференцзал орнатады, компьютер барлығына бақылау жасайды. Датчиктерді, желді пульт арқылы есептеп тұрады. Оны орнататын да біз. Кез келген орталыққа құрал-жабдық қойып, бақылаймыз,
дейді Алмахан Батырқұлов.
Бүгінде Аустралияда білікті IT маманы болған Алмахан Батырқұловтың ерік-жігеріне еріксіз бас иесіз. Ә дегеннен жұмыс оңайшылықпен табылмады. Талай іріктеуден өтті. Дегенмен дегеніне жетті. Ол жақтың жұмыс істеу тәсіліне бейімделді. Қазіргі жастарға «ешқашан да кеш емес» деген ақылын айтқысы келеді.
Жастар оқуы керек, тіл білуі шарт. Үш тіл білсе жақсы, қазақ, ағылшын, орыс тілін жас кезінен үйренсе, артықтығы жоқ. Біз, қазақтар, басқа халықтан қалыс қалған емеспіз. Бізде тәртіп те көбірек, сыйласу да көбірек, ондай тіпті Аустралияның өзінде жоқ. Кеңдік, үлкенді-кішілі сыйласымдық, жалпы қазақы менталитетті айтамын
деп қосты ол.
Алмахан Батырқұлов әлі де ізденіп, жырақта жұмысын жалғастырсам дейді. Ал елде қажет деп тауып жатса, өз білімімен бөлісіп, білгенін үйретуге дайын.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…