Бүгін «7-20-25» бағдарламасына лимит ашылды. 5 минутта бітті де қалды. Бұл не деген сұмдық?
Менен банк менеджері 1 млн 400 мың сұрады. Менен 700 мың теңге сұрады деген хаттар ағылып түсіп жатыр.
Баспана мәселесі, білесіздер, қазақстандықтардың бас ауруына айналды. Әсіресе соңғы жылдары мәселе күрт шиеленіскендей. Баспана жайлы мәселені Мәжіліс мінберінен бірнеше рет көтерген. Үкімет тарапынан мардымды жауап болмады.
Бүгінгі таңда баспана нарығы тұралап тұр. Үй алудың барлық бағдарламасы тоқырауға ұшырады. Өз депутаттық сауалында Дәулет Мұқаев «Бақытты отбасы» және «Шаңырақ» бағдарламаларына өзгеріс енгізу, «7-20-25» бағдарламасы бойынша лимитті алып тастау, «Жас отбасы» бағдарламасы жайлы бірнеше ұсыныс айтқан. Бұл мәселелер әлі де өзектілігін жоғалтқан емес.
«7-20-25» бағдарламасы жемқорлықтың ортасына айналуда. Бағдарлама арқылы үй алу үшін пара берушілер де көбеюде. Ал жастар мәселесінің орны бөлек.
Елімізде баспана бағытында қандай жұмыстар атқарылуда? Президентіміз «Отбасы банктің» қызметін қайта қарауды, облыс орталықтарына емес, аудандарға, моноқалаларға және ауылдарға басымдық беру керек деген еді. Өзгеріс қашан болады? Қашан халыққа тиімді қолжетімді бағдарлама іске қосылады?
Дәулет Мұқаев елдегі баспана мен үй алу бағдарламаларындағы былықты ашып айтқаны жақсы болды. Ведомство басшысы ақталды-мыс.
2023 жылға мемлекет 10 мың пәтер берді. Оған 105 млрд теңге бөлінді. Келесі жылға жоспарларымыз бар. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша өткен жылы жалға алуды жеңілдету үшін субсидиялау бағдарламасы іске асырылды. Тағы басқа бағдарлама бойынша мемлекет қаражат бөліп жатыр. Өзіңіз білесіз, барлық халықты баспанамен қамту оңай емес. Егер сізде уақыт болса, сізбен бірге отырып, барлық бағдарламаны бірге қарайық,
деді Қанат Шарлапаев.