Ұлттық банк «7-20-25» бағдарламасы бойынша қаражатты толық игеру алдағы жылдың ішінде аяқталады деп болжап отыр. Бұл туралы басқарманың баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Krisha.kz.
Ағымдағы қарқынды ескере отырып, мақсатты қаражатты 2023 жылға дейін игеруге болады деп болжаймыз,
делінген Krisha.kz сауалына берілген жауапта.
Ұлттық банк даму қарқыны пәтерлерге тиімді сұраныс пен бағдарлама аясында жүзеге асырылып жатқан жаңа тұрғын үйлерді пайдалануға беру көлеміне байланысты екенін атап өтті.
Бағдарламаны аяқтаудың нақты мерзімі белгіленбеген, несиелендіру 1 триллион теңге қаражат толық игерілгенге дейін жалғасады.