«Қазгидромет» мамандары 7-9 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігіне қалың қар жауады. 9 ақпанда елдің шығысында қалың қар, оңтүстікте қар аралас жаңбыр күтіледі. Сондай-ақ республиканың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман, оңтүстік-батыста көктайғақ болады.
Еуропа аймақтарынан келетін антициклонның әсерінен ауа температурасы түнде батыста және шығыста 13-21, солтүстікте 20-28, орталықта 15-26 аязға дейін төмендейді. Күндіз батыста 7-12, солтүстікте 15-20, шығыста және орталықта 10-18 аязға дейін,
делінген хабарламада.