«Қазгидромет» синоптиктері 7-9 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Метеорологтар мәліметінше, Қазақстанның шығысында қалың қар жауады, ал оңтүстігінде жаңбыр мен қар, таулы аймақтарда қатты жауын-шашын болады.
Республиканың барлық аумағында бұрқасын, көктайғақ құбылыстары, батыста және оңтүстікте тұман күтіледі.
Термометр бағандары төмендейді: батыста, елдің орталығында 20-28 градус аязға дейін, солтүстік-батыста, республиканың солтүстігінде 25-33 градус аязға дейін, шығыста 5-13 градус аязға дейін, ал елдің оңтүстігінде 0-10 градус аязға дейін,
делінген хабарламада.
Әзірге Алматыжылы, десе төтенше жағдай департаменті қала тұрғындарына қар құрсауынан қауіп төніп тұрғанын ескертіп, Қарғалы, Ақсай, Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің арналарынан аулақ жүруге кеңес берді.
Тауларда қар көшкіні қаупі әлі бар.