Маңғыстау облысы әкімдігі дәретхана қағазын сатып алуға 7 миллион теңге бөлген. Тендер жеңімпазы 2023 жылғы 19 қаңтарда анықталған. Бұл сомаға 11 570 қаптама сатып алынған.
Сонда, әрқайсының құны 607 теңге.
Техникалық тапсырмаға сәйкес, тендер жеңімпазы әр 30 күн сайын 1157 дана (12 орам) дәретхана қағазын жеткізуге міндетті.
Маңғыстау облысының әкімдігі айына 13 884 орам қағаз немесе күніне 694 орам қағаз жұмсайды екен. 20 жұмыс күнін негізге алу керек.
Әр орамның ұзындығы 150 метр. Бұл облыс әкімдігінің қызметкерлері үшін күніне 104,1 мың метр дәретхана қағазы боп шығады.
Әкімдік өкілі шенеуніктерге сонша дәретхана қағазы неге керек екенін түсіндірді. Облыс әкімдігі мәліметінше,
бұл көлем тек олардың қызметкерлеріне емес, сонымен қатар, келушілерге, жергілікті, атқарушы және мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне де арналған. Бұл ғимараттарда 1300 қызметкер бар екен.
Шығыс Қазақастанда да ұқсас жағдай:
«Семей медицина университеті» Өскемендегі филиалы:
1,9 миллион теңгеге швабра және 1,2 миллион теңгеге матрац жинағын сатып алуды жоспарлапты.
Бұл сұмдыққа Антикор бірден назар аударып, тексеріс жүргізген.
Нәтижесінде, мемлекеттік сатып алу жоспарларына түзету енгізіліп, шамамен 3 миллион теңге үнемделіпті. Ол қаражат басқа тауарларды сатып алуға жұмсалады, деп хабарлады ведомствадан.