Жеті жасар Милана Давыдова үш күн бұрын жоғалып кеткен.
Бесқауға ауылында — Екібастұздан 55 шақырым жерде — бала жоғалып кеткені туралы хабар 17 қарашада сағат 21:14-те Төтенше жағдайлар департаментіне келіп түсті.
Жеті жасар Милана Давыдованы іздеу үш күнге созылды. Анасының сөздері басынан бастап күдік тудырған. Айтуынша, демалыс күндері балаларымен бірге ауылдан 15 шақырым жердегі шаруа қожалығындағы күйеуіне баруды ұйғарыпты. Қыздың анасының сөзінше, қызы барудан бас тартып, үйден шығып, қайтып оралмаған.
Белгілі болғандай, қыздың әкесі жұмысқа кеткен кезде, оның 35 жастағы анасы 52 жасар көңілдесімен болғанын кішкентай бала көріп қойған.
Өзінің опасыздығын жасыру мақсатында, Милананы айуандықпен өлтіріп, көрші аулада қоқыстың астына көміп тастаған. Ол басынан ауыр соққы алып көз жұмған.
Алдын ала болжам бойынша қызын туған анасы өлтірген.
Кәмелетке толмаған баланы өлтірді деген күдікпен полиция қызметкерлері оның өтініші бойынша қылмыстың іздерін жасырған анасы мен танысын ұстады. Ұсталғандар қылмысын мойындады.
Кісі өлтіру фактісі бойынша ҚР ҚК 99-ібабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Оқиға орнында мамандандырылған топ жұмыс істейді, Павлодар облысы ПД, прокуратура және Павлодар облысы әкімдігінің басшылықтары бар
делінген хабарламада.
Милананы іздеу жұмыстарын жүргізу үшін жедел штаб құрып, Төтенше жағдайлар министрлігі, кинологтар, сүңгуірлер мен еріктілер тартылды. “Vita” қоғамдық ұйымы бастаған 300-ге жуық еріктілер жұмылдырылған.