«Көктөбе» алматылықтардың сүйікті демалатын орындарының бірі енді қолжетімсіз болып бара жатыр. Бұрын көлікпен кіру құны 5000 теңге болған. Күніне бұл жерден кемінде 200 көлік өтеді. Бұл ақшаны не істейді сонда қалтасына басып деген сұрақтар халықтың ашуына тиді.
Бұл жағдайдың ушығуына желіде тараған видео әсер етті. Көктөбенің жоғарғы станциясына дейін көлікпен жүру бағасына шағымданған әйел барын айтып салды.
Бұл масқара, ұят жағдай. Мына жерден өткенде кішкентай әріппен жазылған жазу тұр, ол дұрыс көрінбейді. Қараңыздар, 7 мың және 200 теңге айырмашылық бар (Омаров, 41 мекенжайындағы паркингке кіру – ред.). Егер айырмашылығы 10 есе, құны 2000 теңге болса түсінер едім. Бірақ, бұл 7 мың теңгеге не істейсіздер?
«Көктөбе» әкімшілігінің хабарлауынша, паркингке кіру құны 1 мамырдан бастап өскен.
Бұрын құны 5 мың теңге болған, қазір 7 мың теңгеге өсті. Сондай-ақ, прайсқа сәйкес паркингке (төменгі станция) кіру құны — 500 теңге, парк аумағына мопед немесе мотоциклмен кіру құны – 1500 теңге, микроавтобуспен кіру – 15-25 мың теңге арасында,
делінген хабарламада.