76 ұстаз алаяқтың құрбаны болды

Ұрлап алған 26 миллион теңгені казино ойындарына жаратып жіберген.

Шардара ауданының мұғалімдері алаяқтың арбауына түсіп қалды. Шымкенттік тұрғын бес мектептің 1С бухгалтерлік бағдарламасын мықты меңгеріп алған екен. Интернет арқылы ұрлық жасап, 26 миллион теңгені өз қалтасына басқан. Ол ұстаздардың жалақысы. Жымқырған ақшасын казино ойындарына жұмсап үлгеріпті.

Алайда алаяқтың қуанышы ұзаққа созылмады. Ол есепшотына қомақты қаражат түскен соң күдікке ілініп, Алматы қаласында қолға түсті. Тінту кезінде қалтасынан 1,5 млн теңгеге жуық қаржы табылған. Сонымен қатар, күдіктінің анасы «балам берген еді деп» 1 млн 300 мың теңгені полицияға әкеліп беріпті. Қалғанын ойын автоматтарында ұтылып үлгерген.

Күдікті 188 баптың 4-ші бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Қазіргі таңда сот үкімі күшіне енген жоқ. Жаратылмаған 12 млн теңге дер кезінде қайтарылды.  Қазіргі таңда ол қаржылардың барлығы мемлекет кірісіне қабылданды,

Шардара ауданының прокуроры Руслан Әбдірайымов.

Мұғалімдердің жалақысы жартылай қайтарылды. Қалғанын күдікті өзі тауып беруге міндетті.

Еске сала кетейік, біздің ұжым сіздер үшін алаяқтардың алдау тәсілдері және олардан сақтанудың жолдары туралы мақала дайындады. Оқи отырыңыздар!

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago