Өткен тәулікте Қазақстанда тағы 47 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
8 қарашадағы мәлімет бойынша, 693 адам коронавирус инфекциясынан (–553+ және 140 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 82 пациент стационарда, 611 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 8 адамның жағдайы ауыр,
- 2 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.