Krisha.kz сайтына жалдау ақысы 800 мың теңге тұратын пәтер қойылды. Бұл сомаға коммуналдық шығын кірмейді.
Желіде бір бөлмелі пәтердің жалдау ақысы талқыланып жатыр. Пәтер Алматының Бостандық ауданында орналасқан. Жалпы шаршы көлемі — 50 м2. Тұратын аймақ көлемі — 20 м2. Асхана көлемі — 12 м2.
Пәтер 12 қабатты үйдің 4-қабатында орналасқан. Жартылай жиһаз бар. Желідегілер пәтер иесі көрсеткен нөмірге хабарласқанында, коммуналдық шығын жалдау ақысынан бөлек төленетінін айтқан.